ИИР президенті: «Иран әділетсіз шапқыншылықтың құрбаны болған. Сондықтан ешкімнен қарулы күштерін күшейтуге және зымыран мен ұшақ жасауға рұқсат сұрамайды» деді, деп хабарлады «Фарс» баспасөзі.
Иран президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Қорғаныс министрлігі жетістіктерінің тұсаукесер рәсімінде: «Иран қарулы күштерінің қорғаныстық әлеуетін күшейту тек елді қорғау үшін ғана және ешқашан өзге елге қарсы қолданылмайды.
Ірі алпауыттардың мүддесіне қауіп төндіріп отырған және әділеттілік пен азаттық үнін әлем жұртшылығының құлағына жеткізген аймақтық теңгерім мен Иранның қорғаныстық тежегіш күшін сақтау қажеттілік болып табылады» деді.
Ол аймақ пен әлемдегі кейбір елдер мен Американың Таяу Шығыстағы түрлі шапқыншылықтарына сілтеме жасап: «Алпауыттардың араласушылығы мен «қатерлі ісік» болып табылатын Израиль режимі әрдайым Таяу Шығыс аймағында алаңдаушылық, бейберекеттік пен қақтығысқа ұйытқы болды.
Иран ешқашан шапқыншылық жасауды мақсат етпеген және етпейді, бірақ әрдайым қырағы болуы керек. Өйткені Иран ислам революциясының жеңісінен кейін бірнеше рет саяси, әскери және экономикалық шабуылдарға ұшырады» деді.
Хасан Рухани бүгін сенбі күні "Кәусар" атты Иранның тұңғыш жергілікті қырғи ұшағы, "Маһаджер-6" атты барлаушы және қарулы тактикалық ұшқышсыз ұшақ, "Насир" атты кемеге қарсы қолданылатын қанатты зымыран мен әуеден әуеге атылатын "Фәкур" атты зымыранның тұсауын кесті.
“The Qazaq Times”