Таяу Шығыстағы жағдай күннен күнге ушығып барады. Бүгін Израиль әскері Газа секторын зымыранмен атқылады. Ал палестиндіктер Израильге қарай 130-дан астам зымыран жіберген.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан 21 адам қаза тапқан. Арасында балалар бар. Бұдан кейін Газа секторына бақылау жасайтын «Хамас» ұйымы қарымта шабуыл жасаған. Тель-Авив жаққа 200-ге жуық снаряд атқыланған. Еврей астанасында әуе дабылы қосылып, адамдар жертөлеге тығылды.
Зымырандардың бірі Тель-Авивтен маңындағы елді мекендерге қатынайтын жолаушылар автобусына түскен. Шабуылға байланысты Бен Гурион атындағы әуежай жұмысы тоқтаған. Ғимараттан адамдарды эвакуациялаған. Ал Тель-Авивке баруы тиіс рейстерді Кипрге жіберіп жатыр.
Израильдің қорғаныс армиясы Палестинаның жүз шақты әскери нысанын атқылады. Олардың бір бөлігі тұрғын үйлермен қатар орналасқан. Кеше кешке палестиналық БАҚ бірнеше тұрғын үйдің қирағанын, ондаған адамның зардап шеккенін хабарлады. Израиль тарабы тек радикалды топтар шоғырланған нысандарды атқылағанын мәлімдеді.
Халықаралық қауымдастықтар Израиль әскерінен Газа мен Құдыстағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды тез арада тоқтатуды талап етті. Жағдайды жіті бақылап отырған Еуроодақ пен АҚШ тараптарды сабырға шақырды. БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы елшісі Тор Веннесланд Израиль мен Газадағы Палестина топтары арасындағы қақтығыс соғысқа ұласуы мүмкін дейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді