Орталық Азия елдері Қазақстан мен Өзбекстан жыл соңына дейін «азиялық шенген» – Silk Road ортақ визасын енгізуді жоспарлап отыр
«Азиялық шенген» аталатын Silk Road Visa жобасын енгізу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Sputnik Қазақстан» басылымына Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Бастапқы кезеңде Silk Road жобасына Қазақстан мен Өзбекстан кіреді.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы туралы ережелер және азаматтары осындай визаға жүгіне алатын елдердің бірыңғай тізімі келісілді. Виза берудің бірыңғай электрондық жүйесін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Болашақта «азиялық шенген» құрамына Қырғызстан мен Әзірбайжан кіреді деп күтілуде. Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерге бірден бірнеше елге баруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тетік трансұлттық туристік өнім жолындағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік бермек.
Өзбекстан вице-премьерінің былтырғы мәлімдемесіне сәйкес, Silk Road жобасын 2020 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Ал алғаш «Азиялық шенген» құру идеясын 2018 жылдың маусымында Дариға Назарбаева көтерген еді. 2019 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе тереңірек зерттеуді талап ететінін хабарлады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі