«Шинхуа» ақпараттық агенттігінің бүгін Кабул қаласындағы тілшілері тартқан хабарында, АҚШ-тың Ауғанстан жеріне тастаған бомбасынан қаза болғандардың саны анықталған. АҚШ-тың «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы базасын көздеп тастаған бомбасынан 94 лаңкестің көзі жойылған. Оның ішінде 4 адам ұйымдағы маңызды жетекшілер.
Соңғы тексеріп анықтаудың қортындысы бойынша шабуылда «Ислам мемлекеті» ұйымының ең негізгі тұрағы қираған. Көптеген бункерлер мен 300-ге жуық жер асты туннельдері және қару-жарақ, оқ-дәрі қоймалары жойылған. Ұйымның 94 адамы қаза болған.
Осыдан бұрын, яғни Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің 14 сәуріде таратқан хабарында, АҚШ әуе күштері тастаған бомбадан 36 адам қаза болғаны айтылған еді. Салмағы 9,5 тонна тұранын GBU-43/B бомбасы АҚШ-та «Бомбалардың анасы» деген аты бар, жойғыш қуаты сұрапыл бомба болып саналады.
The Qazaq Times

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр