Польшаның Кельце қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, төрт күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.
Қазақстанның қыздар құрамасы 10 салмақтың бесеуінде жүлдеге ілікті, бірақ алтын медаль алған жоқ. Әсел Сағатова (81 кг), Елдана Тәліп(+81 кг) және Жасмин Қизатова(69 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдегер атанса, Жұлдыз Шаяхметова(60 кг) мен Дана Дидай(75 кг) ақтық сында ұтылып, күміс жүлдені місе тұтты.
Қыздар арасында Үндістанның жеті боксшысы чемпион атанды. Қалған үш салмақтың алтыны Ресей, Өзбекстан және Түркия қыздарының еншісінде.
Қазақстанның ерлер құрамасы да 10 салмақта сынға түсіп, бесеуінде жүлде жеңіп алды.
Ең жеңіл салмақ - 49 килограмда жұдырықтасқан Санжар Тәшкенбай және 64 килограмда жұдырықтасқан Сабыржан Аққалықов әлем чемпионы атанды. 56 килограмдағы Ерболат Сабыр мен 60 килограмдағы Елнұр Сүйінбай күміс жүлдегер жеңіп алса, 75 килограмдағы Диас Молжігітовтың еншісінде - қола медаль.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?