Уақыт өткен сайын жасанды интеллект (AI) дамуы артты. Ядролық энергияны бейбіт және деструктивті мақсаттар үшін пайдалану; мұнай өндірудегі энергетикалық мәселелерді шешу және жаңа материалдарды синтездеу үшін шикізат алу – адамзаттың өмірін өзгерткен өнертабыстар.
Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. Жон мырзаның пайымдауынша, жасанды интеллект екі бағытта жүзеге асады. Біріншісі, адамның интеллектуалды әрекетін қарастырса (есептер мен теоремаларды шешу, т.б.); екіншісі адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Қазірдің өзінде жасанды интеллект өзекті қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолданылады: сараптамалық жүйелер жоғары білікті мамандар жетіспейтін орында тиімді шешімдерді жасауға көмектеседі (қашықтықтан оқыту, медициналық диагноздарды алдын-ала қою және т. б.);
- автономды құрылғылар адамның денсаулығына зиян келтірместен немесе өмірге қауіп төндірмейтін ортаны зерттейді (ғарыш, мұхит тереңдігі, өрт немесе радиоактивті ластану аймақтары және т. б.);
- IBM-нің Watson немесе Google компаниясының DeepMind Health сынды технологиялары дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуде, тіпті, адам көзі аңдай бермейтін ішкі ағзалардағы ісіктерді анықтауда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ Жапонияда жыл сайын дәрігерлердің саны 2,7%-ға ғана артатын болғандықтан, дәрігерлерге деген қажеттілік күн тәртібінен түспей тұр. Күншығыс елі бұл мәселені шешу үшін медицина саласына жасанды интеллект енгізбекші. Ол үшін бюджеттен 100 млн доллар қаржы бөліп отыр.
Қазір әлемдік ірі державалар арасында технология өндіруден бәсеке болып жатыр. Қытай зерттеу мен өндірісте АҚШ-қа тәуелсіз болу үшін жасанды интеллект жасауға айрықша көңіл бөліп отыр. Қытайлық Huawei компаниясы жасанды интеллекті өңдеуге арналған өз чиптерін әзірлейтінін мәлімдеді. Бұл елдегі жасанды интеллект индустриясын Intel және Nvidia сияқты америкалық өндірушілерге деген қажеттілігін азайтты. Ал Еуропалық Одақ АҚШ пен Қытайдан қалыспай жасанды интеллект жасауға 22 млрд доллар қаржы бөлген.