АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шегіну мерзімі кешеуілдеуі мүмкін. АҚШ ақпарат құралдары өз ақпарат көздеріне сүйене отырып, Байден алдағы уақытта осындай шешім жариялайды деген хабарлауда. Бұл Ауғанстан мәселесін тағы да өзекті күйге алып келуі мүмкін.
Бұдан бір жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп тәліптермен келісімге келіп, Ауғанстандағы ұзақ уақытқа созылған соғысты тоқтататынын білдірген. Келісім бойынша АҚШ ауған жерінен барлық әскерлерін биыл 1 мамырға дейін шығарып кетуі тиіс болған. Бұл шекті мерзімге не бары бірнеше апта ғана қалды.
Осы кезде Байден АҚШ әскерін Ауғанстан жерінен 11 қыркүйекке дейін шығарып кетемін деген шешімін жария етпек. Байқағаныңыздай, бұл дата АҚШ әскерінің Ауғанстанға кіруіне себеп болған әйгілі «11 қыркүйек оқиғасына» меңзейді. Аталған оқиғаның 20 жылдығында Байден әкімшілігі Ауғанстаннан әскерлерін шығармақ.
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға және одан көп өтпей Иракқа басып кірді. Ауғанстанда тәліптерді биліктен кетірсе, Иракта Садам Хусейн билігін құлатты. Бірақ, Ауғанстанда 20 жылға жуық соғыс жүргізгенімен «Талибан» ұйымы (көп елдерде экстремистік ұйым ретінде танылған) әлі де белсенді әрекет етуде, Ауғанстандағы ықпал көлемін барған сайын кеңейтіп барады.
Осы тұста Стамбулда өткелі жатқан Ауғанстан мәселесін тақырып еткен келіссөзге тәліптер қатысудан бас тартты. "Талибан" өкілі мәлімдемесінде: "Шетелдік күштер елден шығып кетпей тұрып бұндай жиындарға қатыспайымыз", – деген.
Ауған жерінен әскерлерін шығарып кетуі Құрама Штаттардың қауіпсіздік стратегиясын жаңартқанын көрсетеді. Бұған дейін олар Орта Шығыс пен оған жақын аймақтар мен мемлекеттердегі мүддесін қорғауды басты орынға қойып келгенімен, Қытайдың күшеюі және оның Азия-Тынық мұхиты, тіпті Үнді мұхиты аймағындағы мүддесіне қауіп төндіруі Уашингтонды стратегиясын жаңартуға итермеледі.
Ауғанстанда қазіргі уақытта 12 мыңнан астам шетелдік әскери қызметкерлер бар. Оның 2,5 мыңы америкалық әскерлер. Қалғаны НАТО күштері мен БҰҰ-ның қауіпсіздік күштері.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді