Қазақстанның жартысынан астам бөлігі «қызарып-сарғыш» тартып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 5 сәуір коронавирус жұққан 1809 адам, ал 4-і күні коронавирус пневмониясына шалдыққан 7 адам тіркелді. Қазір елде 28 мыңнан аса адам (U07.1 немесе КВИ+ бойынша 2 330, U07.2 немесе КВИ- бойынша 1003) ауырып жатыр.
#U07.1 ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастардың жартысы Алматы қаласы (585) мен астанада (242) тіркелді. Одан кейінгі қатарда ең көбі – Алматы облысы (278), Ақтөбе (153), БҚО (101), Қарағанды (90), Атырау (64), Ақмола (60) облыстарында. Өткен тәулікте аурудан айыққан 1122 адам үйіне жіберілген. Бұдан өзге сенбі жиыны 19 адам қайтыс болған.
#U07.2 4 сәуір ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 7 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, астанада 4 және ШҚО, Алматы, Атырау облыстарында бір-бір науқастан тіркелген. Сонымен қоса, 171 адам айығып шыққан, өкініштісі 7 адам көз жұмған.
#Жалпы ДенМин-нің ресми мәліметінше, емделіп жатқан 28 333 науқастың 10 мыңы ауруханада, 18 мыңнан астамы амбулаторлық бақылауда. Ахуалы нашар 455 науқастың жағдайы қиын, ондағы 132 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 77 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
Осылайша әзірге вирустың таралу қатері жағынан Қарағанды облысы және Шымкент қаласы «сары», ал Атырау, БҚО, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстары, Алматы қаласы мен астана «қызыл аймақта» тұр.
Үкімет мүшелерінің мәліметінше, геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталған.
Елде қаңтар айының екінші және ақпан айының алғашқы жартысында науқастар қатары күрт көбейген. Ақпан айының екінші жартысында біршама кеміген еді, десе де наурызда қайта артты. Қазір тәулігіне 2 мыңға жуық сырқат және 15 шақты өлім жағдайы тіркеліп жатыр. Көктем туғалы 45 мыңға тарта (КВИ+ 43 мың, КВИ- 1,5 мың) науқас анықталды, 438 адам (КВИ+ 357, КВИ- 81) өмірден қайтты.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 257 мыңға, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 51 мыңға жуықтаған. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 307,5 мыңға жеткен. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.
Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 5457-сі (КВИ+ / U07.1 – 3129, КВИ- / U07.2 – 709, ілеспе аурулардан – 1619) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған. Ескерер жайт, министрлік 2020 жылы КВИ- статистикасын есепке алмас бұрын жылдағыдан үш есеге өскен пневмонияның 256 мың жағдайынан (былтырғы қаңтар-шілде аралығындағы) коронавирустық түрін анықтап-зерттеуден бас тартқан. Мамандар осы кейстерді объективті түрде зерделегенде шынайы есеп қазіргіден әлдеқайда көп болар еді деп есептейді. Демек жоғарыдағы сан да нақты болмауы мүмкін.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Worldometers дерекқоры, Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 49-орында тұр.
Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 198 мыңдай адам коронавирусқа қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасының алғашқы дозасын алған.