2 наурызда Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды. Осы аптада ол тағы да сот алдында жауап бермек.
Бұл жолы 66 жастағы саясаткер 2012 жылғы сайлаудың үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсап, жымқырды деп айыпталып отыр. Николя Саркози сайлауалды науқанға бөлінген соманы 24 миллион долларға асырған.
Ұлттық қаржы прокуратурасы былтыр желтоқсанда Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті (олардың екеуі шартты түрде). Прокуратура өзінің бұрынғы адвокаты Тьерри Эрзог пен Конституциялық соттың бұрынғы судьясы Гилберт Азиберге де осындай жаза қолдануды талап еткен. 2013 жылы сот Саркозиді жемқорлық ісі бойынша ақтап шығарған. Бірақ басқа істі тексеру кезінде оның адвокатпен әңгімесі жазылып, экс-президентке қарсы жаңа айғақтар пайда болған.
2017 жылы да Николя Саркозидің басы дауға қалған. Сол жылы Саркози «FIFA жемқорлық дауының белді қатысушыларының бірі» деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, ол 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу мәртебесін Катарға жеңіп алуға көмектескені үшін бірнеше заңсыз қаржы операцияларын жасаған. FIFA жемқорлық дауын тексеруші топтың зерттеулері бойынша, Николя Саркози Катарға ПСЖ (Пари Сен-Жермен) футбол клубын, Qatari Diar инвестициялық компаниясына франциялық коммуналды қызмет түрлерін көрсететін компанияны сатқан.
Бұдан бөлек FIFA басшылығы бұған дейін де Францияның экс-президентін жемқорлыққа бару арқылы Катарға 2022 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңуге көмектесті деп айыптаған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді