Сүрияның әуе қарулы күштерінің ұшқышы Махмуд Сухаридің өлімі жайында журналист Асаад Ханна өзінің «Твиттер» парақшасында жазған. Бірақ бұл ақпарат Сүрия билігі тарапынанда, ӘҚК тарапынанда ресми расталмады.
Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, Сухари авто көлігіне қойылған жарылғыш заттың іске қосылуының салдарынан сәуірдің 9-ы күні көз жұмған.
Естеріңізге салайық 4 сәуірде Башар Асад әскері Хан – Шейхуни қаласында химиялық қару қолданған болатын.
“The Qazaq Times”