Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан ісі бойынша арнайы өкілі Залмай Хализат Ауғанстан мен Катарға сапарлай бармақ. Оның сапарынан кейін Ауғанстан ісінде өзгерістер болуы мүмкін.
Ауғанстан ісі бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Залмай Хализат Трамп кезінде «Талибанмен» келіссөзді жүзеге асырған тұлға. Дегенмен, келіссөз мазмұндарына қатысты Трамп екеуі арасында түсініспеушілік те болған. Бірақ, Хализат АҚШ-тағы Ауғанстан мәселесі бойынша ең білгір саясаткерлердің бірі.
Бұл реткі сапарында Хализат Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысы жетекшілерімен кездесетіні айтылуда. Онда Ауғанстандағы ішкі диалог мәселелері басты тақырып болуы мүмкін.
АҚШ Мем. департаменті Хализаттың Ауғанстан және Катарға жасайтын сапары туралы ашық мәлімет берген жоқ. Тіпті, онымен бірге жүретін делегация құрамын да жария етпеді.
Айта кетейік, жыл басында, 6 қаңтарда басталған Ауғанстандағы ішкі диалог бастала сала тараптардың келісе алмауынан тоқтап қалған. Бұл елдегі қарулы шабуылдар мен қан төгістердің санын едәуір өсіріп жіберді. Хализаттың сапарынан кейін Ауғанстандағы тараптар арасындағы қарым-қатынаста белгілі деңгейде өзгерістер болатыны болжануда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау