Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев 72 жасында Алматыдағы коронавирус ауруханасында қайтыс болды.
Марқұмнан коронавирус 25 қаңтарда анықталып, ауруханаға жатқызылған. Журналисті 22 ақпанда клиникадан шығарғанымен, кейін халі ауырлап қайта ауруханаға жеткізілген.
Ол 2008 жылдың қыркүйегінен бері Азаттық радиосының Қазақ қызметінде тілші ретінде жұмыс істеді.
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев әскери қызметінен соң журналистикаға, фотографияға бет бұрды. Оппозициялық «Сөз» және «Азат» газеттерінде қызмет етті. kub.info сайтында блог жүргізіп, Алматы маңындағы Шаңырақ ауданынан жұртты күштеп көшіру жайлы фоторепортаждар жариялады.
2011 жылы желтоқсанда ол Жаңаөзенге барып, сол жақтағы оқиғадан алғаш болып барған журналист. Сол жылы желтоқсанда болған Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілінде Қазис Тоғызбаев Маңғыстау облысынан объективті репортаждар таратып, Жаңаөзенде не болып жатқанын дер кезінде хабарлап отырды.
«The Qazaq Times» редакциясы Қазис Тоғызбаевтың отбасына, туыстары мен жақындарына, Азаттық радиосы ұжымына қайғырып көңіл айтады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті