Кеше Армения Қарулы күштері премьер-министрдің отставкасына талап етті. Әскерилердің бұл әрекетін төңкеріс деген Никол Пашинян бүгін «елдегі жағдай бақылауда, қарулы күштер халық пен үкімет басшысына бағынады» деп мәлімдеді.
Бұл жағдайға Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Премьер-министр Пашинянның жоғары лауазымды қызметкерді орнынан кетіру туралы ұсынысыны Армения президенті Армен Саркисан мақұлдаған. Енді осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кетуін талап етті. Бірақ биліктен халыққа қарсы күш қолданбауын сұрады.
Бас штабтың талабына оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» қолдау білдіріп, өз жақтастарын Ереванның орталығында митингке шақырды. Қарулы күштердің мәлімдемеде: «Бұл – Арменияның ұлттық және мемлекеттік мүдделерін ескермей отырып жасалған қадам. Осындай күрделі шақта мұндай шешім мемлекет мүддесіне қайшы, жауапсыз қадам», – делінген.
Өз кезегінде Никол Пашинян отставкаға кетпейтін мәлімдеп, бас штаб жетекшісі Оник Гаспариянды орнынан алды. Ол сонымен бірге жақтастарын ел астанасы Ереван орталығына жиналуға шақырды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді