Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Нәтижесінде бұрынғы үкімет басшысы, қазір премьер-министр міндетін атқарушы Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жеткенін хабарлады. Бірақ мұнымен оппозиция келіспейді.
Әзірге 2 мың учаскінің 114-інің бюллетендері ғана саналған. Сайлау бюллетеньдерінің жартысынан астамы есептелгеннен кейін Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы сайлаушылардың – 58,5% дауысын, ал бұрынғы президент Роберт Кочарянның блогы 18,8% дауыс алғаны жарияланды. Кейіннен Кочарян блогы сайлаудағы заңбұзушылықтар толық анықталмайынша сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты.
Былтыр күзде алты аптаға созылған Таулы Қарабақ үшін соғыстан кейін Арменияда саяси дағдарыс орын алып, оппозиция үкімет басшысының отставкасын талап етті. Сол себепті Никол Пашинян биліктен кетіп, кезектен тыс парламенттік сайлауға дайындық басталды. Ал 2 сәуірде ел парламенті екінші оқылымда сайлау кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес республика рейтингтік жүйеден толығымен бас тартып, пропорционалды жүйеге көшеді.
Елдегі саяси додаға 24 партия мен 1 саяси одақ қатысқан. Жергілікті заңға сай саяси партия парламентке өту үшін сайлаушылардың 5%, ал саяси блок 7%-дан астам дауыс жинауы тиіс. Елде 2,5 миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар. Сонымен қатар сайлаудан кейін парламент жаңа министрді сайлауы тиіс. Егер екі тур кезінде де үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса, парламент өзін өзі таратып жібереді.