2020 жылы Ауғанстандағы қарулы шабуылдардан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған. Бұл мәліметті Біріккен Ұлттар Ұймының Ауғанстанға көмек миссиясы жариялады. Мәліметке сай, қаза болғандардың 43 пайызы әйелдер мен балалар.
Президент Трамп кезінде Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен бірқатар маңызды келіссөз жүргізіліп, жиырма жылға жуық соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізген. Алайда, бұл келісімдерден кейін ауған жеріндегі ішкі қақтығыстар өршіді. Тәліптер режим күштеріне шабуылын көбейтті, оған қоса елдегі түрлі террорлық ұйымдар да қарулы шабуылдар ұйымдастырды.
БҰҰ UNAMA таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылы елдегі қарулы шабуылдардан 3035 адам қаза тауып, 5785 адам жарақат алған. БҰҰ Ауғанстанға көмек беру миссиясы 2014 жылдан бері елдегі қақтығыстан қаза тапқандардың статистикалық мәліметтерін жинап келеді. Әр жылы түрлі деңгейдегі адам шығындарын есептегенде жылына кемінде 3 мың адам атыстан немесе жарылыстан көз жұматыны белгілі болған.
Соңғы айларда Ауғанстанның ішкі диалогы тоқтап қалды, оқ атыспау келісімдері бұзылып, өлім-жітім саны артты. Бірақ, осы апта да тәліптер мен үкімет арасында келіссөз қайта басталғаны белгілі болды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер