Атырауда 11, 12 сәуір күндері «ATYRAU INVEST 2017» IV халықаралық инвестиция форумы болып өтті деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі.
АТЫРАУ, 12 Сәуір 2017 жыл: 2017 жылғы 11-12 сәуір кезеңінде Атырауда «ATYRAU INVEST - 2017» IV Халықаралық инвестициялық Форум болды, оған 500-ден астам бизнес өкілдері, әлеуетті компания-инвесторлар, ұлттық компаниялар, даму институттары мен мемлекеттік басқару органдары, Алыс және Жақын шетелдер, сонымен қатар дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Форум өткізудің негізгі мақсаты Атырау облысының инвестициялық потенциалы туралы ақпараттандыру, нақты инвестициялық жобаларға және облыс экономикасына инвестиция жұмылдыру болып табылды.
Пленарлық мәжілістің скиперлері болғандар: Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Уәкілетті Елшісі - Мишель Петерманс, Вице-губернатор - Орынбор облысының Билігі Төрағасының қаржылық-экономикалық саясат бойынша орынбасары Наталья Левинсон. РФ Саратов облысы өнеркәсіп және энергетика министрі - Максим Шихалов. «KAZENERGY» ОЮЛ Қауымдастығы Төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі, ОЮЛ «KAZENERGY», Член Совета Директоров АО НК «КазМунайГаз», (Қазақстан Республикасының еңбек ері) - Узакбай Сулейменович Карабалин, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы - Болат Жамишев. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің Төрағасы - Туякбаев Сапарбек Куракбаевич және т.б.
IV Халықаралық инвестициялық Форум аясында екі панельдік сессия болды: «Мұнай-газ кластері, аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру аспаптарының бірі ретінде» және «Жобалау менеджменті немесе Тиімді инвестиция шарттары»
Бірінші панельдік сессия аясында мұнайгаз секторындағы кластерлік тәсілдеменің даму тиімділігі сұрақтары талданды.
Екінші панельдік сессия жұмысында инвестициялық мүмкіндіктердің даму сұрағы, салық және еңбек заңнамасының инвестициялық ахуалға әсері, «Бизнес практикум» тұсаукесері, және бірқатар басқа тақырыптар талқыланды.
«ATYRAU INVEST - 2017» Форумын өткізу аясы Атырау облысының Әкімдігі жалпы сомасы 3,3 млрд. АҚШ доллары сомасына 9 меморандумға қол қойды.
Атырау облысы бірнеше жылдар бойы Қазақстан аймақтарының ішіндегі инвестиция жұмылдыру бойынша көшбасшы болып келеді. Мысалы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 2 трлн. теңгені құрады, олардың 1 трлн. теңгесі – сыртқы инвестициялар. Бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,4 трлн. теңгені құрады, бұл Республиканың барлық аймақтарының арасындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Дәстүрлі түрде «ATYRAU INVEST - 2017» Халықаралық инвестициялық Форумын өткізу кезеңінде «Global Oil&Gas Atyrau 2017» Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесі мен «Atyrau Build 2017» Солтүстік-Каспий аймақтық құрылыс және интерьер көрмесі болды.
Форумға қатысушылар өз инвестициялық жобаларын әлеуетті инвесторларға көрсетудің, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерден келген қонақтарға және Атырау облысының басшылығына қызықтыратын сұрақтарын қоюдың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Өткен жылғы форум мұнай саласына ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен мәдени-бұқаралық демалыс нысандарына да инвестицияның рекордтық санын жұмылдырды. Инвесторларға ілесі және жобаларды қосымша қаржыландыру үшін аймақта «Атырау Инновейшн» инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» жұмыс істейді, соңғының қатысуымен 2010 жылы пайдалануға жалпы құны 323 млн. АҚШ доллары болатын 21 жоба берілді және 15 жоба жүзеге асырылуда. Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуде, ал индустриалды аймақ құрылу процесінде.
“The Qazaq Times”