Владимир Зеленскийдің мақұлдауымен Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ресейлік жеке және заңды тұлғаларға санкция енгізді.
«Украинформ» мәліметінше, тізімге 19 заңды тұлға кірген. Оның ішінде компаниясы Сингапурде тіркелген ресейлік «Спортмастер» дүкендер желісі, «БИОТЭК» фармацевтік холдингі, Севастополь мемлекеттік университеті, мұнай өнімдерін әзірлейтін Новошахтинск зауыты, «Донские угли» сауда үйі бар. Аталған компаниялардың бірқатары ресейшіл украиналық саясаткер Викто Медведчукке тиесілі.
Бұл хабардан кейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің шешімін «Донбасста әскери шешімге әкелуі мүмкін алаңдатарлық шешім» деген мәлімдеме жасады. Себебі санкциялық тізімдегілерге Украина аумағында сауда операцияларын жүргізуге, ресурстарды тасымалдауда тыйым салынады.
Ресейге қарсы санкциялар – мемлекетке, Қырымды аннексиялауға, Украинаның шығысындағы жағдайды тұрақсыздандыруға қатысы бар адамдар мен ұйымдарға қатысты шектеу шаралары.
2014 жылы наурыздың ортасында Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін АҚШ, Еуропалық одақ, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада алғашқы санкциялар пакетін енгізді. Бұл шаралар активтерді тоқтатуды және санкциялар тізіміне енгізілген адамдарға визалық шектеулер енгізуді, сондай-ақ санкциялар салған елдердің компанияларына тізімге енгізілген ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас жасауға тыйым салуды қарастырады.
Санкциялардың артуы Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты болды. Қатаң шекетулерді енгізген мемлекеттер Ресейді Украинаның аумақтық тұтастығын бұзып, ресейлік көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізгені үшін айыптады.
2018 жылдың тамызында және биыл АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Еуроодақ Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар дайындау туралы жариялады. Оны енгізудің себебі – Ұлыбританиядағы тыңшы Сергей Скрипальдің және Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың «Новичок» химиялық қаруынан улануы еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі