Минск соты «Белсат» поляк телеарнасының журналистері Катерина Андреева мен Дарья Чульцовты 15 қарашада болған наразылықтан тікелей репортаж жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды.

Журналистер тарапынан мемлекеттік кешірім сұралса да, Беларусь билігі олардың құжатын қараудан бас тартқан. Сот айыптаудың толық нұсқасын қабылдады. Қос журналист «материалдарымен жаппай тәртпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен екі жылға қамалды.

Катерина Бахвалова мен Дарья Чульцова. Фото: ВВС

Тілшілерді репортаж кезінде ОМОН ұстаған. Алғашқыда олар жеті күн әкімшілік қамауға алынды, бірақ бостандыққа шықпады. Кейіннен Минск соты жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айыппен олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

17 ақпанда Беларусьте полиция ондаған журналист пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізген болатын. Тінту елдің барлық облыс орталықтарында – Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда таңертең басталған. Нәтижесінде, белгісіз себептермен екі адам қамауға алынған.

Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған.

Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды.

9 тамыз Беларусьте президенттік сайлау өтті. Сол күні ОСК Александр Лукашенконың 80,10% дауыс жинап, жеңіске жеткенін хабарлады. Сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартқан Светлана Тихановская кандидат ретінде 10,12% дауыс жинаған.

Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін елде жаппай наразылық акциялары басталды. Ірі қақтығыстар кезінде полиция шеруге шыққандарға қарсы оқ атып, күшпен басып-жаншуға тырысты. Қазір Беларусьте жергілікті наразылық акциялары әлі де жалғасуда.

"The Qazaq Times"