Иран Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен қарым-қатынасты нығайтпақ. Бұны Иран президенті Хасан Рухани Мазандаран облысында 43 арнайы жобаны бекіту кезінде атап өтті. Бұл туралы "ParsToday" ақпараттық сайтында хабарланған болатын.
Иран президенті қазіргі кезде Иранның басты міндеті Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен тығыз ынтымақтастық орнату, әсіресе Ресей мен Әжербайжан елдерімен болған келісімдерді жүзеге асыру екенін айтты. Ол және Ресеймен сауда қарым-қатынасы бұрынғыдан 80 пайызға артқанын, алда бұдан жоғарылату керек деді. Ресей және Әзербайжанмен сауда барыс-келісін кеңейту мақсатында Каспий теңізінің оңтүстік жағалауларында порттарды, олрдың инфра-құрлымын кемелдендіруді тапсырды.
Қазіргі Иран президенті Хасан Рухани лауазымды орынға келгелі бері Иран мен Еуроазия елдері арасындағы қарым-қатынасты бұрынғыдан жақсара түсті. Рухани аталған елдермен дербес сауда жолдарын дамытуға баса мән беріп келе жатқаны анық. Алайда, Иран әлі де Батыс елдері үшін ақжарқын ағайын болып саналмайды. Жақында Иранда жаңа президент сайлауы өтеді. Ең маңыздысы бұл сайлауға осы елдің бұрынғы атышулы президенті Махмұд Ахмединежад та қатысатын болып отыр. Егер Ахмединежад сайлауда жеңіске жетсе, онда Иранның сыртқы саясаттарында өзгерістердің туылуы мүмкін. Бәрі бірдей қазіргі ең негізгі саяси одақтасы Ресеймен арасы ажырап кетпеудің қамын жасайды.
Бүгін Иранның жасап отырған қадамы билік басының ауысуынан бұрын, Иранның түбірлі мүддесіне саятын Ресей және Каспий теңізіне шектесетін елдермен барыс-келісті нығайту жолдарын қарастыру мақсатында болып отыр. Каспий теңізі Иранның Еуроазия елдеріне шығатын негізгі жолдарының бірі. Бұл өңірдегі елдермен байланысты жақсарту Иранның өзіне де зор пайдасын тигізеді.