Пәкістанның шақыруымен әлемнің теңізге шектесетін 45 елі қатысатын AMAN-2021 әскери оқу-жаттығулары Араб теңізінде басталды. Кезекті жаттығуға НАТО құрамындағы АҚШ, Британ, Түркия секілді елдер мен Ресей және Қытай бір уақытта қатыспақ. Бұл соңғы он жылдағы Ресейдің алғаш рет НАТО мүшелерімен ортақ әскери жаттығуға қатысуы.
Пәкітсан ұйымдастырған бұл жаттығудың ұраны "Бейбітшілік үшін ынтымақ" деп аталады. Өткен аптада Пәкістан Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратып, аталған көпұлтты әскери жаттығу дамуы мен ұлттық мүдделері теңізбен тығыз байланысты елдердің теңіз тасымал қауіпсіздігі, территориялық қауіпсіздігін, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес тебінін арттыруға мүмкіндік беретінін айтқан.
Аталған жаттығу көп жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған Үнді мұхиты мен Алант мұхитына шектесетін бірқатар африкалық елдерде қатысып келеді. Кезекті жаттығу Араб теңізінің шығысы мен солтүстік айдындарында бір аптаға созылмақ.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, экономикалық, индустиялық дамуы Қытай инвестициясына көбірек сүйенетін Пәкістан бұл жаттығу арқылы Қытайдың теңіздегі мүддесін қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермек.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр