Алматы қаласының әкімдігі алдағы Халықаралық әйелдер күні мерекесі, яңни 8 наурызбейбіт марш өткізуге рұқсат берді. Бұл жөнінде ұйымдастырушы тарап өкілдері әлеуметтік желіде жариялады.
Жазбаға қарағанда, маршты Feminita, «ҚазФем», «ФемСреда», SVET қоры мен FemAgora ұйымы өткізеді. Мәлімдемеде шеру «Шевченко көшесін бойында, Ганди ескерткішінен Шоқан Уәлиханов ескерткішіне дейін өтетіні» жазылған.
«Өкінішке қарай, бейбіт митинг заңы шеру өткізетін орынды таңдауға мүмкіндік бермейді» дейді ұйымдастырушылар. Марш бұрынғыша «Әр әйел – жалғызым (маңызды)!» ұранымен өтеді. Феминистік топтар митингі шығындарын краудфандинг әдісі, яғни «көптен жылу жинау» арқылы жаппақ.
«Атаулы дата – кемсіту мен теңсіздікті болғызбауға үлес қосып, пікірлес әрі қолдаушы ретінде, сондай-ақ өз құқығы үшін күресіп жүрген әйелдердің бірлігі дүниежүзі бойынша аталып өтетін тарихи күн екенін еске саламыз», – делінген хабарламада.
Былтыр дәл осы күнгі әйелдер шеруіне екі жүзден адам қатысқан. Көктемгі карантин кезінде асығыс қабылданған митинг өткізу туралы заң жайлы сарапшылар мен азаматтық қоғам белсенділері әлі де шикі екенін, азаматтардың емін-еркін пікір еркіндігін шектейтінін сынайды. Құлақтандыру форматына көшті делінгенімен «жергілікті атқарушы биліктің рұқсатын алу шарт». Билік санкцияламаған митинг-пикетке шыққан адамдарды күштеп ұстау, әкімшілік жауапқа тарту, айыппұл кесу әрекетін тоқтатпаған.
Жуырда (11 ақпан) Еуропарламент Қазақстанға қатысты қабылдаған қарарында ресми билікке бейбіт жиындарды кедергі келтірмеу туралы талап қойған.