Мьянманың билігін әскерилер басып алып, елде бір жылға әскери жағдай жариялағанымен ірі қалаларда әскерилерге қарсы наразылық шаралары өтуде. Қатарынан бес күнге жалғасқан наразылық шараларында азаматтар әскерилердің билікті босатып, ел халқының таңдауына құрмет етуге, азаматтық билікті қайта қалпына келтіруды талап етуде. Кейбір қалаларда тұрғындар қамаудағы бұрынғы ел жетекшісі Аун Сан Су Чиды босатуды талап етіп жатыр.
Әскери билік елде коменданттық сағат жариялап, топтасуға қатаң шектеу қойғанымен, орталық қала мен Янгона, Мандалай қатарлы ірі қалалардағы наразылық шараларын тоқтата алмады. Екі күн бұрын Мьянма қарулы күштері наразы топқа қатаң жауап қайтаратынын білдірген. Демонстранттарға су шашып, резинке оқ атты.
BBC хабарына қарағанда кей қалаларда кісі өлімі болуы да мүмкін. Бірақ, әскерилердің қарулы күш қолданғаны туралы мәліметтер расталмаған. Дүйсенбі күнгі наразылық шарасында жарақат алған азаматты қараған дәрігер Human Rights Watch ұйымына берген жауабында: «Бұндай жарақат атыс құралынан атылғаны белгілі болып тұр», – деген.
Халыққа оқ атылғаны туралы мәліметтерді әскери билік жоққа шығаруда. Олар кейде ескерту ретінде аспанға оқ атылатынын ғана айтады. Дегенмен, наразы топты тарату үшін жасауратқыш пен резинке оқ пайдаланғаны туралы ресми мәліметтерде растады.
Мьянмада 1 ақпан күні әскери төңкеріс болып, ел президенті Аун Сан Су Чи мен билік партиясының жетекшілері қамауға алынған болатын. АҚШ, Жапония қатарлы көптеген елдер Мьянмадағы әскери төңкерісті айыптап мәлімдеме жасады. Тәуелсіз сарапшылар төңкерістің артында Меконг аймағына ықпалын жүргізгісі келетін державалардың тұрғанын айтады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау