Иранның бұрынғы басшысы Махмуд Ахмадинежад алда келе жатқан президент сайлауына қатысуға тілек білдірген - деп хабарлайды Иран Ислам ақпараттық агенттігі.
Ахмадинежадтың президенттік сайлауға қатысуға тілек білдіруі күтпеген жағдай болды. Өйткені ол бұған дейін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейдің оның президенттік сайлауға түсуіне қарсы екендігін айтқан болатын.
Осы аптада Иран Ислам Республикасында мамырдың 19-да өтетін президент сайлауына үміткерлерді тіркеу науқаны басталған болатын. Сайлауға қатысуға Иранның қазіргі президенті Хасан Роухани, консервативті дін өкілі Ибрагим Раиси және Ахмадинежадтың әріптесі Хамид Багдай тілек білдірген.
Махмуд Ахмадинежад 2005-2013 жылдары аралығында Иранның президентті қызметін атқарған болатын.
Иранда әлемде жоқ саяси жүйе қалыптасқан, елдегі билік сатыларының барлығының үстінен дін басы қадағалайды. Дін басы сайлау арқылы емес, діни кеңестің шешімімен сайланады.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау