Франция Қорғаныс министрлігі 9 ақпан күні мәлімдеме жасап, француз Әскери-теңіз күштеріне тиесілі бір ядролық шабуылдаушы сүңгуір кеме мен бір су үсті әскери кемесі Оңүстік Қытай теңізінде шарлау жүргізіп, аталған теңіз алабындағы еркіндікті күзеткенін хабарлады. Франция жақын уақыттардан бері Қытайға жақын теңізге әскери кемелерін жіберген НАТО құрамындағы төртінші ел болды.
Кеше таңертең, яғни Француз Қорғаныс министрлігі хабар таратудан аз ғана уақыт бұрын АҚШ Әскери-теңіз күштері мәлімдеме жасап, екі бірдей ұшақ тасымалдаушы алып әскери кеме мен оның шабуылшы тобы Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығу өткізгенін хабарлаған еді.
Reuters агенттігінің хабарында, Францияның ядролық шабуылдаушы кемесінің әрекеті АҚШ одақтастарының Қытайға жақын су жолдарындағы ашықтықты қорғауға шындап кіріскенін көрсетеді деп бағалаған.
Францияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде: «Бұл стратегия атап айтқанда, іс-қимыл міндеттемелеріне, аймақтағы елдермен ынтымақтастыққа және қорғаныс дипломатиясына негізделген. Бұл әсіресе көпжақтылықты, халықаралық құқықты және жүзу еркіндігі қағидаттарын қолдауда өте пайдалы», – деген.