Жаһандық пандемияға байданысты саябырлай қалған Ресей мен Батыс арасындағы теке-тірес Навальныйдың ісінен кейін қайта жанданды. Жақында Ресей «заңысыз митингке қатысты» деп айыптап Германия, Польша және Швеция елдерінің бір-бір дипломатынан елден шығып кетуін талап еткен. Бұған жауап қылып аталған үш ел де Ресейлік дипломаттарды елден шығару шешім қабылдағандарын білдірді.
Өткен жұмада, Ресей СІМ тарабы жасаған мәлімдемеде Германия, Швеция және Польшан елдерінің бір-бір дипломатына «23 қаңтардағы Навальныйды қолдау заңсыз шеруіне қатысқан» деген айып таққан болатын. Бірер күн бұрын Еуропалық Одақтың сыртқы саясат бойынша бас комиссары Жозеф Боррель Мәскеуге сапарлай барған және бұл сапарынан кейін ол Ресейдің мәмілеге келу ниеті жоқ екенін айтты. Енді ЕО тарап Ресейге қарата санкция енгізу мәселесін қарастыра бастады.
Сапарынан кейін Боррель Мәскеуге деген өкпе-ренішін ашық айтты: «Баспасөз жиынындағы агрессивті драматургия және менің сапарым кезінде еуропалық дипломаттарды елден шығаруы, бұның бәрі орыс билігінің Еуропалық одақпен конструктивті диалог орнатуға деген ниетінің жоқ екенін көрсетеді», – деген Боррель.
Оның Мәскеу сапары 2-4 ақпан аралығында болған еді, сапар барысында ол Навальный ісі және ЕО мен РФ арасындағы мәселелерді талқылаған болатын. Бірақ, оның сапарын Батыс елдерінің басым көп саясаткерлері, саясаттанушылары қатты сынға алып, «еуропалық дипломаттарды кемсітті» деп айыптады. Тіпті, оның баспасөз жиынындағы мәлімдемелеріне сенбегендер де болды.
Еуропалық үш дипломатты Ресейден шығару туралы Мәскеу шешімі Боррельмен болған баспасөз жиынынан кейін жарияланған. Ресейдің бұл қадамы Батыс елдерінде «ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссарына қарата кемсітулердің соңғысы» деп қаралуда. Бұдан кейін ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасы қайшылықтармен ушыға түспек. Ал, оның басында Навальный тұр деуге болады.