6 ақпанда Ресей Еуроодақтың үш дипломатын «заңсыз шараларға қатысты» деп айыптап, елден шығарған болатын. Енді Ресейге жауап ретінде Германия, Швеция және Польша үш ресейлік дипломатты «нон грата» деп жариялады.
Германия үкіметі бұл қадамын «Мәскеудің негізсіз әрекетіне жауап» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Батыс елдері Кремльден Алексей Навальныйды босатуды талап етті.
Бшұған дейін Ресей СІМ мәлімдемесінде: «Бұл әрекеттері орынсыз әрі олардың дипломатиялық мәртебесіне сай келмейді. Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылдың 18 сәуіріндегі Вена конвенциясына сәйкес, заңсыз шараларға қатысқан дипломаттар «persona non grata» деп жарияланды» делінген. Ресей сыртқы істер министрлігі шетелдік дипмиссия өкілдерін «халықаралық құқық нормаларына қатаң бағынуға» шақырған.
2 ақпанда Мәскеу қалалық сотында Навальныйдың «Ив Роше» ісіндегі шартты мерзімін ауыстырды. Навальный жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Шешім күшіне енгенге дейін ол тергеу изоляторында қалады. Үкім шыққаннан кейін батыс елдері Ресей билігінің бұл әрекетін «еркіндік құқығы мен заң үстемдігіне жасалған ауыр соққы» деп сынға алып, Навальныйды бостауды талап етті. Батыс елдерінің Навальныйды босату туралы дабылына Крмельдің атынан жауап берген Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова «негізсіз шешім» деп қысқа қайырды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы