Канада билігі Алексей Навальный ісіне байланысты Ресейге экономикалық санкциялар енгізу мәселесін одақтастарымен талқыламақ. Бұл туралы Канада СІМ өкілі Джейсон Канг хабарлады.
Дипломат Канада өзінің одақтастарымен және серіктестерімен адам құқықтарының тапталуына жол бермейтінін айтты. Оттава Навальныйды тез арада босатуды талап етіп отыр.
3 ақпанда Германия Министрлер Кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт Навальныйдың қамалуынан кейін Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар қарастырылатын ескертті.
Бүгін АҚШ Сенаторлары Конгреске санкциялар туралы құжатты тапсырды. Аталған құжат бекітілсе, АҚШ әкімшілігіне Ресейдің «химиялық және биологиялық қаруды қолдануға тыйым салаынған заңдарды» өрескел бұзғаны үшін де шектеулер қарастырылады. Сонымен қатар, Вашингтон әкімшілігі «ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өлімі туралы есепті» де талап етіп отыр. Заң жобасындағы тармақтардың бірі «Солтүстік ағын – 2» газ құбырын айналып өтпейді. «АҚШ Конгресі Германия үкіметін «Солтүстік ағын – 2» газ құбырын қолдаудан бас тартуға шақырады» – дейді сенаторлар.
2 ақпанда Мәскеу қалалық сотында Навальныйдың «Ив Рош» ісіндегі шартты мерзімін ауыстырды. Навальный жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Шешім күшіне енгенге дейін ол тергеу изоляторында қалады. Үкім шыққаннан кейін батыс елдері Ресей билігінің бұл әрекетін «еркіндік құқығы мен заң үстемдігіне жасалған ауыр соққы» деп сынға алып, Навальныйды бостауды талап етті.
Батыс елдерінің Навальныйды босату туралы дабылына Крмельдің атынан жауап берген Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова «негізсіз шешім» деп қысқа қайырды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі