Әлемдік беделді басылым The Lancet Ресейдің «Спутник-V» коронавирусқа қарсы вакцинасының үшінші клиникалық сынақ кезеңінің нәтижелерін жария етіп, өнімділігін 92 пайыз деп көрсетті. Медицина саласындағы ықпалды басылым ресейлік вакцинаны қауіпсіз және коронавирусқа қарсы нәтижелі деп қорытындылапты.
Ресей «Спутник-V» вакцинасын толық клиникалық сынақтан өткізбей жатып жаппай вакциналауға рұқсат еткен болатын. Мәскеудің бұл қадамы ел ішінде де, әлем елдері арасында да пікірталасқа жол ашып еді. Дегенмен, The Lancet басылымы мамандардың зерттеу нәтижесін алға тарта отырып «Спутник-V»-тің өнімділігін, қауіпсіздігі Pfizer, Oxford / AstraZeneca, Moderna және Janssen қатарлы коронавирусқа қарсы вакциналардың қатарына қоюға болады деп тұрақтандырған.
Мамандардың пікірінше «Спутник-V» вакцинасы коронавирусқа қарсы жұмыс істеуі Британияда шығарылған Oxford/AstraZeneca мен Бельгияда жасалған Janssen вакцинасына ұқсас. Яғни, жеңілдетілген сасық тымау вирусы арқылы коронавирустың бір бөлігін адамның имундық жүйесіне жеткізеді. Соның нәтижесінде адамның имундық жүйесі коронавирусқа қарсы күресуге қабілетте болмақ.
Қазақстанда аталған ресмилік вакцина 1 ақпаннан бастап салына бастады. Дегенмен, «Спутник-V» турасында азаматтардың пікірі әртүрлі.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау