Мьянманың ықпалды қарулы күштері билікті басып алып, елде төтенше жағдай енгізілді. Олар Мьянма президенті Вин Мьин, «Демократия үшін ұлттық лига» билеуші партиясының басшысы Аун Сан Су Чжи, мемлекеттік кеңесші және республиканың сыртқы істер министрін ұстады.
Қазір мұнда хабар тарату қиындап, телефон байланысы үзілген.
Оңтүстік Шығыс Азия елін 50 жылдан астам басқарған Мьянма қарулы күштері 2015 жылы Аун Сан Су Чжи билікке келгеннен кейін де саяси және экономикалық ықпалын сақтап қалған.
Жұма күні Irrawaddy газеті Мьянма үкіметі мен Қарулы Күштері өкілдерінің парламенттік сайлау нәтижелеріне оппозицияның наразылығына байланысты қазіргі саяси дағдарысты жеңуге бағытталған кездесуі сәтсіз аяқталды деп хабарлады.
8 қарашада Мьянмада пандемияның екінші толқыны және осыған байланысты қолданыстағы шектеулер аясында парламенттік сайлау өтті. Нәтижесінде Аун Сан Су Чжи бастаған «Деемократия үшін ұлттық лига» билеуші партиясы жеңіп алды. Аталған партияның басты бәсекелесі саналатын әскери ынтымақтастық және одақты дамыту партиясы ел Парламентінде ең аз орынға ие болды.
Парламенттің алғашқы отырысы 1 ақпанға белгіленген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті