Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков сотқа шақырылды. Бішкектегі Бірінші май аудандық соты одан жауап алмақ.
Мәләметтер бойынша, Жээнбеков премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Дуйшенбек Зилалиевтың қылмыстық ісіне қатысты сотқа шақырылған. Бұрынғы вице-премьердің еншісінде декларацияға енбеген үй, пәтер, есепшот және миллиондаған доллар қаражат табылған.
Аталған іс бойынша Бірінші май аудандық соты Дүйшенбек Залиловқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. Енді ол бұл қаражат Сооронбай Жээнбековтың сайлау науқанына арналғанын мәлімдеді.
Былтыр қазанның басында Қырғызстанда парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы жаппай наразылық акциялары басталды. 6 қазанға қараған түні Жапаров жазасын өтеп жатқан Шу облысындағы колониядан өз жақтастарымен босатылды. Сол күні Қырғызстанның Жоғарғы соты оның үкімін жойды.
14 қазанда Парламент депутаттары Садыр Жапаровты Қырғызстанның премьер-министрі етіп бекітті. Президент Сооронбай Жээнбеков Үкіметтің жаңа құрамын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Кабинеттің бұрынғы басшысы Кубатбек Боронов республикадағы ішкі саяси жағдайдың ушығуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті.
15 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Конституцияға сәйкес, жаңа сайлау өткізілгенге дейін мемлекет басшысының міндеттерін парламент спикері атқаруы тиіс еді. Алайда спикер Қанатбек Исаев президенттің өкілеттігін премьер-министр Садыр Жапаровқа берді.