Американың экс-президенті Дональд Трамп Флоридада өз кеңсесін ашты. АВС сайтының хабарлауынша, Трамп саяси қызметін жалғастырады.
Енді оның әкімшілігі Трампқа бұрынғы президент ретінде өз міндеттерін атқаруға, ресми іс-шараларды жүргізуге көмектеседі. Ақ үйдің бұрынғы басшысы қоштасу сөзінде саяси қызметін жалғастыратынын ескерткен болатын. Бірақ АҚШ Конгресінің өкілдері палатасы, импичмент бойынша дауыс беріп, тиісті құжатты Сенатқа жіберді. Сенат конгресмендері оны келесі айда қарауы тиіс.
Трамп 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуыл кезінде жақтастарын бүлікке арандатты деп айыпталып отыр. 13 қаңтарда демократтар басым көпшілік болып отырған өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялауға дауыс берген. Экс-преидентке импичмент жариялау үшін кемінде 17 республикашыл сенатор демократтарды қолдауы керек. Сарапшылар бұлай болуы екіталай дейді.
Сенат қарауындағы құжат мақұлданса, 8 ақпанда сот процесін басталмақ. Сот алқасы мүшелерінің рөлін 100 сенатор атқарады. Демократтар республикашылдарды Трампқа импичмент жариялауға көндіруге күш салмақ. Бұдан соң бұрынғы президентті қызметінен шеттету мәселесі дауысқа салынады.
Егер Сенат импичмент жариялау туралы үкім шығарса, Трамп президенттікке өз кандидатурасын ұсынып, мемлекеттік қызмет атқара алмайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді