Канаданың консервативті оппозициялық партия биліктегі Либералды партиядан АҚШ қатарына қосылып, Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы геноцидін анықтауды талап етті. Олар Канададағы Адам құқығын қорғау ұйымы және АҚШ департаменттерімен бірлесе отырып, Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға қарсы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар жасағанын, оның ішінде халықты жүйелі бақылауды, жыныстық зорлық-зомбылықты және жаппай ұстауды анықтауды талап еткен.
Бірлескен мәлімдемені Консервативтік партияның сыртқы істер министрге үміткері, әрі конгресс мүшесі Мичел Чоң бастап және өзге де конгресмендер 24 қаңтар күні жасаған. Мәлімдемеде, Қытай үкіметінің әрекеті жалпыға ортақ адам құқығы мен халықаралық құқықтарға мүлде құрмет етпейтіндігінің айқын дәлелі деп көрсеткен. Сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандары арасында Гонконг тұрғындары, тибеттер, Фалун-Гун қозғалысының мүшелері және мұсылман, христиан, өзге де діни-этникалық азшылықтардың бар екенін баса айтқан.
«Консервативті партия адам құқығын бұзуға қарсы күресу үшін көпжақты ынтымақтасу маңызды деп санайды. Біз Трюдо (Канада премьер-министрі, ред.) үкіметін Байден әкімшілігімен Қытайдың ұйғырларды қырғынға ұшыратқанын ресми түрде тану үшін жұмыс істеуге және Канада үкіметін басқа одақтастарын осыған ас салысуға шақыруын талап етеміз», – деген мәлімдемеде.
Шыңжаңдағы Қытайдың адам құқықтарының бұзылуына жауап ретінде Канада үкіметі осы айдың басында бірқатар жаңа шаралар қабылдады, соның қатарында отандық компанияларына Шыңжаңдағы мәжбүрлі жұмыспен айналысатын қытайлық және өзге шетелдік компаниялармен бизнес жүргізуге тыйым салу шарасы да бар.
Айта кетейік, Трамп үкіметі биліктен кетер алдында Бейжің билігі Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға қарсы геноцид жасады деп ресми таныды. Байденның бас дипломаты да Трамп әкімшілігінің бұл шешімімен келіскен. Алайда, Қытайдың геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттерінің жауабы ретінде АҚШ жаңа үкіметінің қандай нақты шаралар қабылдайтыны әлі де анық емес.