Түрік елінің Көлік құралдарына қауіпсіздік бас басқармасы такси жүргізушілерінің қатаң наразылығы себебінен Uber қызметін ресми түрде шектегенін жариялады.
Түркияда Uber такси қызметі бұдан кейін «қара такси» ретінде қаралып, қудаланатын болады. Uber қызметін пайдаланған такис жүргізушілері ұсталса бірінші рет 1 АҚШ доллары айыппұл, екінші рет 1,5 АҚШ доллары, үшінші рет бағдарлама қолданғаны анықталса 60 күн көлігінен айырылады екен. Ал, Uber қызметін пайдаланып такси шақырған жолаушыларға 180 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, Түркияда жергілікті таксилерді шақыру үшін OLEV және YOLO қызметтерін пайдалану ұсынылған.
Uber компаниясы аз уақыт ішінде табысты түрде әлемнің көптеген елдерінде жұмыс жасай бастады. Саяси ұстаным мен қызмет көрсету форматының сай келмеуінен және ресми такси жүргізушілерінің наразылығы себепті кей мемлекеттер аталмыш бағдарламаны шектеп, оның орнын басатын басқа да қызмет түрлерін ұсынуда.
Мейіржан ӘУЕЛХАН
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес