АҚШ Федералдық соты шешім қабылдап, президент Трамптың жаңа иммиграциялық тиым салу бұйрығын қайта қарауға соттың барлық судьялары қатысатынын жариялады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Вирджиния штатының Төртінші апелляциялық соты дүйсенбі күні хабарлама жариялап, сот барысында дағдыға айналған қалыптасқан процедураны қолданбайтынын айтты. Яғни үш судьяның қатысуымен шешім жасаудай дағдыны өзгертіп, апелляциялық сотқа барлық судьяларды қатыстыратын болған.
Мамырдың 8-ші жаңасы Төртінші апелляциялық сотта Федералдық соттағы өкілетті 15 судия қатынасады.
Бұл АҚШ сот істерінің тарихында алғаш болғалы отыр. Федералдық сот бұл шешімді жасауға ағымдағы істің тарихи маңыздылығы себеп болды деді.
“The Qazaq Times”