Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік комитеті кейбір елдердің Қырғызстандағы ішкі саяси жағдайға килігуге әрекеттеніп жатқанын айтты. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК жетекші Қамшыбек Ташиев бүгінгі баспасөз жиынында мәлімдеді. Ол сондай-ақ, осы мәселе бойынша бірнеше адамның қамалғанын да жеткізді.
Баспасөз жиынында Ташиев бірқатар жоғары лауазымдыларға қылмыстық іс қозғалып жатқаны туралы да мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалғандар арасында Жоғары сот төрайымы мен парламент депутаттары да бар. Бұған дейін жемқорлық және мемлекет қаржысына қол салу айыбымен іс қозғалып жатқан Райымбек Матырайымовқа тиесілі мүліктердің (ақшалай және жылжымайтын мүліктері) мемлекет қазынасына өткізілгенін жеткізді.
Қамшыбек Ташиев аталған құзыретті орган жетекшісі болып қазан айының бас шеніндегі саяси өзгерістер кезінде келген. Оның елдегі билікті ұстап отырған Садыр Жапаровтың жақын досы екені де қырғыз ақпарат құралдары ашық жазған. Кезекті жиын оның бұл қызметке келгеннен кейінгі алғашқы кеңейтілген баспасөз жиыны. Ол барлық мемлекеттік қызметкерлерді декларациясы бойынша тексеретінін жеткізген.
Жиын соңында Ташиев кейбір мемлекеттердің Қырғызстандағы ішкі саяси процестерге араласуға әрекеттеніп отырғанын, бұл туралы ҰҚМК-ның нақты дәлелдері бар екенін жеткізді. Осы мәселе бойынша бірқатар адамдардың тұтқындалғанын да айтты. Бірақ, Қырғызстанның ішкі ісіне килігу нақты қайсы елдерден болып жатқанын ашық айтқан жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы