Қытай өз территориясынан басталатын шекаралық өзендерді артық игеру арқылы көршілес елдердің мүдделеріне нұқсан келтіріп отырғанын АҚШ жаңа есебінде көрсетті. Құрама Штаттар Қытайың су қоймаларындағы су деңгейін спутник арқылы бақылайтын орталықты қаржы бөлгені де белгілі болды. Бұл екі ел арасындағы шиеленісті тіпті де күшейте түседі деп күтілуде.
АҚШ спутниктік мәліметтермен үстеген зерттеу мәліметінде, Қытайдың 4350 шақырымдық Лансаң дариясы сынды шекаралық өзен суын артық игерген, нәтижесінде Мьянма, Лаос, Тайланд, Камбоджа және Вьетнам қатарлы елдерден 60 млн халықтың мүддесіне нұқсан келтіргенін көрсетті. Бейжің болса АҚШ-тың бұл мәлімдемесін елемеген сыңай танытты.
Қытайдың жасанды бөгеттерін бақылайтын Уашингтонда орналасқан жаһандық сараптама орталығы саналған Stimson Center деп аталатын орталық. Оның ғылыми қызметкері Брян Эйлер сөзінде: «Қытай шығыс аймақтарына электр қуатын көптеп сату үшін, 11 ірі су бөгетін аса мұқият жобалап, пайдаланған. Оның төменгі ағыстарға әсері мүлде ескерілмеген», – дейді. Зерттеу нәтижесіне сай, былтыр Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің егіншілік аймақтарында құрғақшылық болғанда да, Қытайдағы су қоймалары суға толы болған.
Қытайдың шекаралық өзендерді қалыптан тыс игеріп, көршілес елдердің мүддесіне ықпал етіп жатқаны бір ғана шығыс оңтүстік өңірінде ғана емес. Қазақстанға кіретін де шекаралық өзендердің де тағдыры осыған саяды. Қытайдың бұл қадамдағы әрекеттері оған көршілес елдерді алаңдатып келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау