Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл деректі 10 желтоқсанда ақпарат құралдары хабарлады. Көктем айларында Ысқақовтың «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілінгені хабарланған еді.
Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы – 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы 5 жылға сотталған. Оларға түрме жазасы берілген.
Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Абдуллажан Сайдуллаевтың түсіндірмесін ақпарат құралы жариялады.
«Басты сот талқылауында сотталушы Қ.Ысқақовтың жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны анықталған. Ал, бұрынғы әкімнің орынбасарлары сотталушылар М.Имандосов және М.Делмұханов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, сотталушылар Ж.Ысқақов және А.Досмайыловтар сотталушы Қ.Ысқақовпен бір топ адам алдын ала сөз байласуы арқылы бөтеннің мүлкін жымқыруға, оны жасауға кедергілерді жоюға көмектескен», – дейді судья.
Биыл наурыз айында Қуанышбек Ысқақовтың «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа қамалған.
Қуанышбек Ысқақов 2019 жылы маусым айында Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалған. Оған дейін үш жарым жылдан астам сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың орынбасары болып, экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын басқарған.
28 наурызда Гүлшара Әбдіхалықова президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді