Соңғы кезде державалар арасында әскери техникалық бәсеке өршіп тұр. Сол бәсеке де, шабуылдаушы соғыс ұшақтары державалар айбынына бірден бір өкілдік етіп келеді. Қазір әлемде жылдамдық пен икемділік жағында ең озық 6 түрлі соғыс ұшағы бар. Бұлар қазіргі дәуірдің сайыпқырандары саналады. WSJ басылымының анықтамасы.
6. Чыңду J-20 соғыс ұшағы (Сынақ мерзімінде)
Өндіруші елі: Қытай
Техникалық қуаты: 6 дана әуе зымыраны бар
Ең жоғары жылдамдығы: белгісіз
Ұшу аралығы: белгісіз
5. Lockheed (Локхит) – Мартин F–35 жойғыш ұшақ
Өндіруші елі: АҚШ
Техникалық қуаты: 2 орта қашықтағы әуе зымыраны және 1000 фунт бомбыдан 2 данасы орнатылған.
Ең жоғары жылдамдығы: 1,6 Мах. ( 1 мах = 1080км/сағ)
Ұшу аралығы: 1,381 ағл. миль
4. Eurofighter Typhoon (Еуропа Тынық дауылы)
Өндіруші елі: Ұлыбритания, Германия, Италия және Испания
Техникалық қуаты: 1 дана 27мм калибрлы автомат; 6 дана орта аралықты әуе зымыраны мен екі дана жақын қашықтықтағы әуе зымыраны бар. Үш қосалқы жанармай бакпен жабдықталған.
Ең жоғары жылдамдығы: 2,0 Мах.
Ұшу аралығы: 1,841 ағл. миль
3. Dassault Rafale жойғыш ұшақ
Өндіруші елі: Франция
Техникалық жабдықталуы: 30мм калибрлі автоматтан бір дана; 500 фунттық бомбадан 16 данасы орнатылған. Оған қоса екі әуе зымыраны мен екі қосалқы май бакпен жабдықталған.
Ең жоғары жылдамдығы: 1,8 Мах.
Ұшу аралығы: 1,941 ағл. миль
2. Lockheed (Локхит) – Мартин F–22 жойғыш ұшағы.
Өндіруші елі: АҚШ
Техникалық жабдықталуы: 1 автомат; 6 орта қашықтағы әуе зымыраны; 2 жақын аралықты әуе зымыранымен жабдықталған. Немесе, 2000 фунт бомбыдан 6 дана және 4 әуе зымыраны орнатылады.
Ең жоғары жылдамдығы: 1,7 Мах.
Ұшу аралығы: 2,002 ағл. миль
1. Сухой Т-50 жойғыш ұшағы (2018 жылға дейін сынақ мерзімінде)
Өндіруші елі: Ресей
Техникалық жабдықталуы: автомат, 8 орта қашықтықтағы әуе зымыраны.
Ең жоғары жылдамдығы: 2,0 Мах.
Ұшу аралығы: 2,474ағл. миль
“The Qazaq Times”