Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Жаңа қаулы бойынша, енді әйел адам босанғанда қасына серіктесі кіре алады. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек және берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек.
Сондай-ақ, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.