Украинаның Ұлттық Банк басшысы Валерия Гонтарева отставкаға кетті – деп жазады bbc.com сайты.
«Мен Украина президенті Петр Порошенкоға өз еркіммен осы жылдың 10 мамырында кету жөнінде өтініш жаздым. Егер Жоғарғы Рада өтінішімді қабылдайтын болса, ертерек кетуім де мүмкін» - деді Валерия Гонтарева.
Естеріңізге салайық Украина халқы Ұлттық Банк басшысын Ресейлік компаниялармен байланысы бар - деп айыптап, отставкаға кетуін талап етіп Гонтареваның үйінің алдында шеру өткізген болатын. Ереуілшілер Петр Порошенкодан Ресейлік «Сбербанкті» жауып тастауды да сұраған еді.
Валерия Гонтарева Украина тарихында Ұлттық Банкті басқарған жалғыз әйел адам болатын.
“The Qazaq Times”