The Guardian мәліметінше, Ұлыбритания америкалық Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы бірлесіп жасаған вакцинасына рұқсат берді. Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок халықты вакцинациялау келесі аптада басталатынын және екпенің 40 миллион дозасына тапсырыс берілгенін хабарлады.
Pfizer – BioNTech вакцинасы Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды бақылау жөніндегі басқармасымен (MHRA) мақұлданған. Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, сатып алынады деп жоспарланған 300 млн дозаның бағасы 4,6 млн еуро.
Аталған екпелерден басқа, тағы бірнеше компания вакциналарын тіркеуге және өнеркәсіптік өндірісті бастауға дайындалып жатыр. Бұған дейін әлемде екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтаған. Қазір басқа он екпе сынақтың соңғы кезеңінен өткізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен. Ал Оскфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы вакцина 70% тиімділік көрсеткен.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 63,9 миллионға жетті. Жалпы саны 1,48 миллион адам ажал құшқан. Қазір Ұлыбританияда 1,64 миллион дерек тіркелген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі