Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты. Вирустың алдын алу үшін елдің бас санитар-дәрігері Рождествоны ең жақын адамдармен ғана қарсы алуға шақырды.
Британия премьер-министрі Борис Джонсон: «Көктемде елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны басталып, тест саны көбейгенде шектеу шаралары жайлы ұмытамыз. Алайда оған дейін әлі көп уақыт бар. Алда қыс келеді. Күн суытқанда түрлі аурулар өршіп кететінін білеміз. Сондықтан көктемге дейін бізді қиын кезең күтіп тұр», – дейді.
5 қарашада жалпыұлттық локдаун жарияланған. Ол 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Келесі айдың басында локдаун аяқталып, тек вирус өршіп тұрған аймақтарда жергілікті карантин енгізу жүйесі күшіне енеді. Билік рождестволық мерекеге орай 23-27 желтоқсан аралығында шектеу шараларының жеңілдетілетінін мәлімдеді.
Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады; көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Сонымен қатар Британия билігі қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға және алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар уақытша жабылады. Үкімет карантин соңына дейін еңбекақысыз қалғандарға жалақыларының 80%-ын төлеуді жалғастырмақ. Егер жағдай түзелсе, локдауннан кейін британиялықтар 25 желтоқсанда тойланатын Католиктердің рождествосын отбасыларымен бірге атап өтпек.
Қазір әлемде екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтаған. Қазір басқа он екпе сынақтың соңғы кезеңінен өткізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?