Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты жаппай оқшаулау режиміне көшу туралы шешім шығарды.
Бұған дейін Францияның 19 департаментінде енгізілген қатаң локдаунға енді барлық аймақ көшеді. Осы сенбіден бастап төрт аптаға барлық дүкендер жабылады. Келесі аптадан бастап мектептер кем дегенде үш аптаға жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға көшеді. Үйден 10 шақырымнан артық ешқандай себепсіз жүруге тыйым салынады.
Қазір мұнда вирус жұқтырғандар саны 5 миллионға жуықтады. Реанимация бөлімшелерінде 5 мыңнан астам адам бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сәрсенбіде 59 мыңнан астам жаңа кейс тіркелген.
Келесі аптадан бастап мектептердің жабылатыны туралы хабарлағаннан кейін Макрон негізгі салалардағы жұмысшылардың балалары әлі де сабаққа қатыса алатындығын ескертті. Енді Макрон жариялаған шаралар Парламентте талқылануы керек, содан кейін бейсенбіде дауыс беру өтеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел