АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі алдағы апталарда Қытайға қатысты бірқатар қатаң шаралар қабылдауға ниетті. Бұл туралы Axios ақпараттық порталы хабарлады.
Трамп Бейжіңге қарсы осындай қатаң шаралар қабылдап жатқандықтан, президенттік сайлауға қатысқан демократ Джо Байден үшін ҚХР-ға қатысты қазіргі бағытты өзгерту «саяси тұрғыдан қолайсыз». Қазір Ақ үй ҚХР қарулы күштерімен байланысы бар қытайлық компаниялардың тізімін еселеген.
Сонымен, Уашингтон әкімшілігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында және Гонконгта адам құқықтарын бұзуға қатысқаны үшін немесе АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген Қытай компаниялары, мемлекеттік құрылымдар мен лауазымды тұлғаларға санкциялар енгізуді жоспарлап отыр. Мұнымен қатар, Трамп әкімшілігі Тайуаньмен байланыстарды қарап, АҚШ-тағы Қытай бас консулдықтарының жабылун қарастырып жатыр.
«Егер Бейжің өз бағытын өзгертпесе, Ақ үй Трамп саясатын жалғастырады. Келесі президенттікке Байдан тағайындалса да, Қытайға қарсы бағытты ұстануы керек», – дейді Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің баспасөз қызметінің жетекшісі Джон Эллиот. Ал АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Джон Ратклифтің хабарлауынша, жақын арада Бейжіңге қатысты тағы бір айып тағылады.
Өткен аптада Трамп «Қытай қарулы күштерімен байланысы бар қытайлық компанияларға бөлінетін АҚШ инвестицияларына тыйым салу туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап америкалық жеке және заңды тұлғаларға жоғарыда аталған тізімге енген Қытай компанияларымен байланыс орнатуға тыйым салынады.
Осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь: «АҚШ үкіметі Қытай компанияларына қысым жасап отыр. Бұл нарықтық бәсекелестік пен халықаралық сауда ережелерін айтарлықтай бұзады, екі ел арасындағы іскерлік және инвестициялық ынтымақтастыққа айтарлықтай нұқсан келтіреді», – дейді.