АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Марк Эсперді қызметінен босатқаннан кейін бір өте салып тағы бір қорғаныс лауазымдысы Пентагоннан кетіп қалды. Пентагондағы кадрлық алмасулар демократтарды алаңдатты.
Марк Эспер жұмыстан кетісімен Пентагондағы оның саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Жеймс Андерсон өз еркімен жұмыстан кетті. Андерсон кетерінде президент Трампқа бір парақ хат қалдырған екен, хатында өзінің Пентангондағы қызметіндегі жетістіктерін тізе келіп, мемлекетке еткен қызметтері үшін мақтаныш сезімде кетіп бара жатқанын айтыпты.
«Қазір бәрінен де маңыздысы не, ол біздің ең ұзақ мерзімді жетістігіміз – барлық мемлекеттік қызметкерлер қорғап, қолдауға ант берген еліміздің Конституциясын сақтау», – деген екен Андерсон хатында.
Трамп Марк Эсперді қызметінен босатқанын дүйсенбіде Твиттер парақшасында жазды, бірақ себебін түсіндірмеді. Жай ғана: «Марк Эспер қызметінен босатылды, мен оған бұған дейінгі қызметі үшін алғыс айтқым келеді», – деген.
Кейбір демократтар кеше Пентагондағы ауыс-күйістері сынап, Трамп билігін сақтап қалу үшін өзіне қарсы адамдарды биліктен қуып, орнына ыңғайлы адамдарын әкеліп жатыр, бұнысы автократияға көбірек ұқсайды деп шенеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі