АҚШ Қарулы күштері хабарлама жариялап, USS Carl Vinson авиа-тасымал кемесін Австралиядағы портқа орналастыру жоспарын күшінен қалдырып, алып авиаматкасын (авианосец) Корей түбегіне әкелетіндіктерін жария етті. АҚШ армиясы оның себебін Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынағынан алаңдаудан қабылдаған шешім деп көрсетті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлайды.
Екі ел басшыларының кездесуінде келісімге жете алмаған мәселенің бірі ретінде, Солтүстік Корея ісінде АҚШ президенті: «Егер Қытай дегенімізге көнбесе, онда жедел әскери әрекет жасауға шешім қабылдаймыз», – деген болатын. Ауыр әскери техникасын Солтүстік Шығыс Азияға көптеп әкелуі АҚШ үкіметінің осы өңірге қаратқан бірден бір позициясы болып табылады.
АҚШ әскери күштері спутниктік бақылау арқылы Солтүстік Кореяны жаңа ядролық сынаққа дайындалып жатқан болуы мүмкін дегенді алға тартады. Аталған ел үшін алдағы ең маңызды мереке – 15 сәуірдегі Солтүстік Корея жоғары көшбасшысының туылған күні. Жаңа сынақты осы атаулы күнге туралауы мүмкін.
5 сәуірде атылған «Scud» зымыранын қамтығанда, өткен бір айда Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыран сынағын жасап үлгерді. АҚШ ауыр әскери техникалардың қозғалысы осының жауабы деп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон сол уақытта қысқа ғана мәлімдеме жасап: «АҚШ Солтүстік Кореяға жасаған ескертуі жеткілікті, енді ешқандай қосымша мәлімдемелер жариялаудың керегі жоқ», – деді. Ал «The Wall Street Journal» басылымының айтуынша, Ақ үй ресми өкілдерінің бірі сөзінде: "АҚШ теңіз армиясының қуаты алдағы уақытта Солтүстік Шығыс Азияда сынақтан өтетін болады", – деген екен.
Бұның бәрі АҚШ үкіметінің Солтүстік Корея үшін ресми әрекетті бастағанын түсіндіреді. Солтүстік Корея ядролық сынақ жасау ниетінен қайтпаса, екінші Сүрия болуы да ғажап емес.
“The qazaq Times”