Жақында экс-айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Қазақстан Ұлттық арнасынан "Тәлім Тренд" бағдарламасын ашты. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді. Ал күні кеше "Асыл арна" телеарнасының журналисі Сырым Әуезхан Тазабек пен "Тәлім Тренд" жөнінінде әлеуметтік сауалнама жасады. Блицке қатысқан респонденттердің 100 пайызы Мұхамеджан Тазабек пен "Тәлім Тренд" бағдарламасын қолдаған. Осыған байланысты бүгін біз дәл осы тақырыпта Алматы халқының пікірін біліп көрдік. Бір қызығы біз сауалнама жүргізген адамдардың бірде - бірі Тазабек мырзаны танымады және "Тәлім Тренд" бағдарламасын көрмеген.