Францияның Ұлттық жиналысы коронавирустың екінші толқынына байланысты Төтенше жағдай режимін 2021 жылғы 16 ақпанға дейін ұзарту туралы заң жобасын мақұлдады. Franceinfo француз басылымының мәліметіше, аталған заң жобасы қарашаның басында толық қабылдануы тиіс.
16 қазаннан бастап елде 4 аптаға төтенше жағдай енгізіліп, карантин шаралары күшейтілді. Билік оны қарашаның соңына дейін созуды көздеп отыр. Тәртіпке бағынбағандар бірінші рет ереже бұзса 135 еуро көлемінде, ал екінші қайтара тіркелсе 6 500 еуро айыппұл төлейді. Мұнымен қоса, кинотеатр, театр, кафе-барлардың жұмыс уақытына шектеу енгізілді. Жаңа қаулыны бекіткен Франция президенті Эммануэль Макрон: «Біз коменданттық сағат режимін енгізу арқылы елдің 9 аймағында коронавирустың таралуын тежемекпіз. Ал туған күнді атау өту секілді сауық кештері керісінше инфекцияның таралуына жол ашады», – дейді.
Францияың бірқатар аймақтарында түнгі уақытта коменданттық сағат енгізіліп, адамдар тек қызмет бабы бойынша дәрігерге қаралуға немесе сапарлайтын жолаушыларға ғана жүруге рұқсат етілген. Карантин күшейтілген аймақтарға қосымша 12 мың полицей жіберілді. Алдағы бірнеше айда Париж бен тағы 8 ірі қалада мерекелік кештер ұйымдастыруға тыйым салынған. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 43 миллионға жуықтаған. Францияда 1 миллионнан астам кейс тіркелсе, 34 мың адам көз жұмған.