Қырғыз Республикасында 5 қазанда басталған ереуілдер мен саяси дүрдараздықтардан ел экономикасына 8 млрд сом көлемінде шығын келген. Шетелдік инвесторлардан түсуге тиісті 210 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция түспей қалған. Бұл 10 қазанға дейінгі экономикалық шығындардың есебі. Бұл туралы Қырғызстандағы Бизнес Ассоциацияларының Ұлттық алянсы мәлімдеді.
Бішкектегі ереуілдер мен саяси топтар арасындағы қайшылықтардан елдегі мемлекеттік және жекеменшік ірі компаниялар инвестиларын жоғалтқаны айтылуда. Бұның қатарында Қырғызстанның энергетика саласына инвестиция тартушы ірі компания ASEC инвестициялық компаниясы да бар.
Қырғыз СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбеков те кешегі мәлімдемесінде, инвестрлардан және келісімдерден қол үзіп қалу алда да жалғасуы мүмкін екенін, бұл елдің ірі көлемдегі инвестициялық жоғалту қорқынышына алып баратынын айтқан.
Елдің орталық қаласындағы жағдай жергілікті бизнес тармақтарына да үлкен әсерін тигізген. 5 қазанда басталған дүрбелеңдерден кейін орта-шағын бизне пен қоғамық жүйелер әлі де толық қалпына келіп болмады.