АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің әр жеріндегі америкалық әскерлерді елге қайтарып, Қытай мен Ресейге қарсы дайындалатынын білдірді. Бұл туралы ол бейсенбі күнгі Fox Business Channel арнасына берген сұхбатында ортаға салды.
Президент Трамп әлемнің жер-жерінде әскери операциялар жүргізу және қарулы күштерді ұстау Құрама Штаттардың бюджеті үшін үлкен шығын екенін, сондықтан да Ауғанстандағы және өзге елдердегі әскерлерін кері қайтаруға ниетті екенін жеткізген.
Ақ үй басшысы АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысы тым ұзаққа созылғанын айта келіп, ауған жерінен әскерлерді кері қайтарып жатқанын, жыл соңына дейін қалған 4 мың жауынгер үйіне қайтатынын білдірді. «Білесіз бе, олар дәл қазірден бастап үйіне қайтады», – деді Трамп сұхбатында.
Трамп АҚШ өзінің стратегиялық бәсекелестері Қытай мен Ресейге қарсы дайындалу үшін шетелдегі әскери шығындарын қысқартуы керек деп үміттенеді.
АҚШ президенті бұндай мәлімдемені өзінің коронавирустан емделіп шыққаннан кейінгі алғашқы сұхбатында ортаға салып отыр. Ол дүйсенбі күні Вальтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан шықты. Ал, сәрсенбіде Ақ үйдегі «америка футбол добына» ұқсайтын президент кеңсесіне қайтып оралды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді